Страница 1 из 4

Диеталар

Автор:: 29 шіл 2016, 12:42
kazakhkyzi
Қыздар, қандай жеңіл диета білесіңдер? Айран ғана ішіп диета ұстауға тырыстым, кешке қарай қарным ашып, тамақ ішіп алдым. Тек алма жеп азамын деп ойладым, ол да болмады. Бір рет əртүрлі йогурттар, жемістер алып, соларды жеп 1 апта отырамын деп ойладым, бəрін бір күнде жеп қойдым :x Қатты толық емеспін, бірақ ағзамда бір ауырлық бар. Азық-түліктері қымбат болмайтын жəне тым болмаса бір ай шыдайтын диета айтыңдаршы?

Re: Диеталар

Автор:: 29 шіл 2016, 14:52
gaini
Диетаны токтаткан сон, жогалган салмакты кайта косып аласыз. Негiзiнде, кунi бойы жаныныз калаган тамакты iшiп-жеп, кешкi 6-дан кейiн нар татпасаныз болды, сонымен бiрге, унемi iштi тартып журуге уйрену керек, сонда артык шыккан болса кайтып кетедi.
Диетага караганда спорттың пайдасы кобирек.

Re: Диеталар

Автор:: 29 шіл 2016, 17:51
Madinam
Диетамен қатты әуестенбеген дұрыс. Одан да сол диеталық тамақтарды алғанша, режиммен тамақтанып, аптасына бір күн разгрузочный жасап тұрған дұрыс. Ашыққан кезде ағза тазарады, жұмысы қалпына келеді. 

Re: Диеталар

Автор:: 29 шіл 2016, 18:48
Арайлым
Сен диета ұстама , одан да түскі 12 ден кейін ауыр тағамдар жеме ,ал 6 дан соң тамақ ішпе .
Көп су іш . Нанды рационнан міндетті түрде алып таста .
Шоколад жегін келсе черный шоколад қана же.
Осылай 1 ай ішінде ағзанды тазарта , жеңілдене түсесін . Спортпен де шұғылданған дұрыс . Қарнын ашты ма , немесе көп тамақ жеп қойдын ба 30 рет отырып тұрып өзінді жазалап отыр

Re: Диеталар

Автор:: 30 шіл 2016, 00:25
Аяна
Спортпен шұғылдан . Не болсын спортты бірінші орынға қойып отыр .
Жүгір , скакалка секір , жаттығулар жаса .
Бастысы ЕРІҢБЕ !

Re: Диеталар

Автор:: 30 шіл 2016, 04:22
kazakhkyzi
Аяна писал(а):
Спортпен шұғылдан . Не болсын спортты бірінші орынға қойып отыр .
Жүгір , скакалка секір , жаттығулар жаса .
Бастысы ЕРІҢБЕ !

Осының бәрін істерге шыдамдылық болса ғой. Тез шаршап қаламын :(

Re: Диеталар

Автор:: 30 шіл 2016, 04:24
kazakhkyzi
Сонда қандай тағамдар жеу керек? Мен жеп жүргеннің барлығы салмақ қостыратын тәрізді...

Re: Диеталар

Автор:: 30 шіл 2016, 10:57
assiya.nur
kazakhkyzi писал(а):
Сонда қандай тағамдар жеу керек? Мен жеп жүргеннің барлығы салмақ қостыратын тәрізді...

Түсінбейтін несі бар? Жеңіл тамақ жеу керек. Меню құрып берейік па? Таңертеңгі асты міндетті түрде құнарлы етіп ішу керек,  піскен жұмыртқа,  кашалар пісіру керек. Таңғы асты ішпесен, кешке тамақ ішіп аласың.  Ол май болып жиналады.  Салаттар көп жеу керек,  жеміс-жидектер. Күніне шамамен 5 рет тамақ ішу керек аз-аздан. Сонда семірмейсің. Тәттілер, нан-тоқаштар жеме, газдалған сусын ішпе. Жаттығу жаса. Болды ғой,  еш қиын емес.

Re: Диеталар

Автор:: 30 шіл 2016, 22:01
Аяна
Егер рацион құрып ,ары кетсе 4-5 күн соны бұзбай ұстасан соған жақсылап үйреніп кетесің.

Re: Диеталар

Автор:: 01 там 2016, 16:04
gaini
Тамақ алдында 30 минут бұрын су ішіп ал. Сонда асқазан алданады. Кішкентай ыдыспен ас іш, тез тойып қаласың.  Қатаң диета ұстама,  аурып қаласын.