Baribir.kz - Бәріміз бірміз. Тұнғыш қазақ форумы. Жаңалықтар, әнгімелесу және пікірлер.

 
Аватара пользователя
Әділхан
қолданушы
Пост: 2
Репутация: 0

Мамаңдықты қалай таңдауға дұрыс?

01 там 2016, 19:23

Бәріне сәлем. Мен оқуымды биыл бітірем. Дәу жігіт болып сценарий бойынша енді жұмысқа тұру керек. Мамандығым "қаржы". Банктегі жұмыстқа шынымды айтсам онша қызықтырмаймын. Дос балаларым бір мықты з/п көп алатын мейрамханада даяршы (официант) болып өз жұмысына шақырып жатыр. Айлығы 100 000-нан асады. Соны ойлап жатырмын қазір.

Енді сұрағым сол. Не істесем боладыі? Банк маған қызық емес. Ақшасы көп болса да бәрібір істей алмайтын сияқтымын. Өзіме ұнайтын жұмыс ол би. Орысша айтқанда "современные танцы". Зал ашып көрмесем, бірақ оған ақша керек тағыда. Білмеймін. Көреміз.

Сіз өздеріңіз қандай жұмыс істеп жүрсіз? Сізге ұнайма? Ұнамаса не үшін істеп жүрсіз?
 
Аватара пользователя
assiya.nur
қолданушы
Пост: 70
Репутация: 3
Қала: Астана

Re: Мамаңдықты қалай таңдауға дұрыс?

01 там 2016, 21:20

Cіздің айналасайын деп отырғандарыңыздың барлығы "қосымша табыс". Даяршы болып қартайғанша жүрмейтін шығарсыз? Ал би залын ашып қойып, басқа жұмыспен де айналыса берсеңіз болады. Ұнайтын ісіңізбен айналысыңыз, сол өзіңізге жақын болса, жақсы табыс пен көңіл-күй сыйлайды. Әзірше даряшы болып капитал жинап алыңыз, сосын жеке ісіңізді ашасыз. Сонымен параллель мамандық бойынша да жұмыс істеуге тырысыңыз. Қанша жыл арнадыңыз, босқа кетпесін. 
Менің сайтым | Түс Жору сайты
 
Аватара пользователя
assiya.nur
қолданушы
Пост: 70
Репутация: 3
Қала: Астана

Re: Мамаңдықты қалай таңдауға дұрыс?

01 там 2016, 21:26

Менде жеке ісімді ашып, өзіме қызмет еткім келеді. Бірақ ол үшін ең алдымен қаражат болу керек. Қаражатың болса бастай бересің. Соған қарамастан мамандығым бойынша істеуім керек, себебі 3 жыл бойы мамандық бойы жұмыс істемесең, диплом өз күшін жояды. Грантқа оқығандар үшін осындай шарт қойылған, мемлекет алдында қарыз өтеуіміз керек. Мамандығым ұнамайды, оны сіз сияқты оқуды аяқтаған соң түсіндім.
Менің сайтым | Түс Жору сайты
 
Аватара пользователя
Аяна
қолданушы
Пост: 138
Репутация: 1
Қала: Алматы

Re: Мамаңдықты қалай таңдауға дұрыс?

02 там 2016, 11:13

Сол мағанда таңдап отырған мамандығым ұнамайда , алайда сол мамандыққа ғана грант көп.
Анам солған түс дейді, өзім бизнес жаққа жақынмын.
 
Аватара пользователя
Аяна
қолданушы
Пост: 138
Репутация: 1
Қала: Алматы

Re: Мамаңдықты қалай таңдауға дұрыс?

02 там 2016, 11:15

Қазір сіздер ой өзіне ұнағанына түс дейсіздер.
Алайда мен одан грант ала алмайтын сияқтымын.
Қай универге түсетінім мүлдем қызықтырмайды
 
Аватара пользователя
Shwarznegger
қолданушы
Пост: 21
Репутация: 0
Қала: Алматы

Re: Мамаңдықты қалай таңдауға дұрыс?

03 там 2016, 00:24

Мен осы жылы мектеп бітіргелі жатырмын, осыған дейін мың түрлі мамандыққа тоқталып айнып кеткем. Ендігі біржолата тоқтағаным айти болды. Қазір бұл мамандық өте жоғары бағаланады, оған қоса физикада грант көп дегендей . Бірақ шыны керек өзім актер болғым келеді, алайда біздің елде актер болу оңай емес, сондықтан ол ойымды тоқтаттым.
TheBestBoyEver
 
Аватара пользователя
Аяна
қолданушы
Пост: 138
Репутация: 1
Қала: Алматы

Re: Мамаңдықты қалай таңдауға дұрыс?

03 там 2016, 00:48

Shwarznegger писал(а):
Мен осы жылы мектеп бітіргелі жатырмын, осыған дейін мың түрлі мамандыққа тоқталып айнып кеткем. Ендігі біржолата тоқтағаным айти болды. Қазір бұл мамандық өте жоғары бағаланады, оған қоса физикада грант көп дегендей . Бірақ шыны керек өзім актер болғым келеді, алайда біздің елде актер болу оңай емес, сондықтан ол ойымды тоқтаттым.

Қызық екен ... Тура менде де осындай жағдай ...Ал мүмкін бұл мамандығым өмір бойы ұнамай шығады ?
Қазір қандай мамандығына тоқталдың ?
 
Аватара пользователя
Shwarznegger
қолданушы
Пост: 21
Репутация: 0
Қала: Алматы

Re: Мамаңдықты қалай таңдауға дұрыс?

03 там 2016, 00:52

Аяна писал(а):
Shwarznegger писал(а):
Мен осы жылы мектеп бітіргелі жатырмын, осыған дейін мың түрлі мамандыққа тоқталып айнып кеткем. Ендігі біржолата тоқтағаным айти болды. Қазір бұл мамандық өте жоғары бағаланады, оған қоса физикада грант көп дегендей . Бірақ шыны керек өзім актер болғым келеді, алайда біздің елде актер болу оңай емес, сондықтан ол ойымды тоқтаттым.

Қызық екен ... Тура менде де осындай жағдай ...Ал мүмкін бұл мамандығым өмір бойы ұнамай шығады ?
Қазір қандай мамандығына тоқталдың ?

Тоқталған мамандығым айти яғни программист болды . Білмеймін шыны керек кешке дейін компьютердің алдынан шықпаймын, мүмкін сонын да бір көмегі тиер. Ал актер болу орындалмайтын арман болып қалар
TheBestBoyEver
 
Мейрам
қолданушы
Пост: 209
Репутация: 0
Қала: Алматы

Re: Мамаңдықты қалай таңдауға дұрыс?

03 там 2016, 01:45

Ең алдымен жүрегіңді тында, сосын ойлан сол мамандықты алып кете аламые ба деп, ең бастысы ата-анаңның ақылын тыңдасай, бірақ қорытындыны әрдайым өзің жасауың керек, себебі өмір сенікі.
 
Аватара пользователя
Аяна
қолданушы
Пост: 138
Репутация: 1
Қала: Алматы

Re: Мамаңдықты қалай таңдауға дұрыс?

03 там 2016, 12:20

Ата анамды тыңдасам , олар физиканы тандап электрик бол дейлі.Ал бұл маған мүлдем ұнамайды.

Форумда кім бар

Қазір сайтта: ешкім жоқ и 1 қонақ
GZIP: Off