Baribir.kz - Бәріміз бірміз. Тұнғыш қазақ форумы. Жаңалықтар, әнгімелесу және пікірлер.

 
Аватара пользователя
Максат
қолданушы
Пост: 20
Репутация: 0
Қала: Алматы

Гендерлік саясат

10 там 2016, 20:24

Гендерлік саясат дұрыс па? Яғни, әйел адам мен ер адамның құқықтары тең болуы керек пе, әлде ер кісі бір саты жоғары тұруы керек пе?
 
Аватара пользователя
Сабина
қолданушы
Пост: 72
Репутация: 1
Қала: Тараз

Re: Гендерлік саясат

10 там 2016, 20:51

Негізінде, өте қиын сұрақ! себебі екі ойлы болып тұрмын.
Біріншіден, ислам дінінде әйел адам ер адамның қабырғасынан жаратылған деп қабылданады. Яғни, ер адам болмаса, әйел адам ешкім емес. Сондықтан, ата-бабамыз да ер адамды төрге шығарып, қарсы келмей, көзін төмен салып, сыйлаған. Отбасын басқарушысы, асыраушысы болған. Себебі, олар мықты, өжет болып жаратылған
 
Аватара пользователя
Сабина
қолданушы
Пост: 72
Репутация: 1
Қала: Тараз

Re: Гендерлік саясат

10 там 2016, 20:53

Бірақ, 20 ғасырдан бастап, гендерлік саясат пайда болды. Әйелдер де ер адамдармен қоса билікке араласып, білім алып, дамыды. Өз ойын анық айта алып, сыйластыққа ие болды. Меніңше екеуі де дұрыс. Бірақ, қайсысы басым екен?
 
Мейрам
қолданушы
Пост: 209
Репутация: 0
Қала: Алматы

Re: Гендерлік саясат

10 там 2016, 22:16

Бұл бір үлкен мәселе, бұл тақырыпқа менің жауабым да ойымда біршама, алайда оның бәрін айтып отыруға жазуға шамам жетпейді-ау шамасы, сондықтан да қысқаша қортындылайтын болсам, ер адам бір саты жоғары болғаны қай тұстан алып қарасақ та дұрыс болып саналады, алайда әйел адамда ер адамнан кем түспеуі тиіс, тек кейбір өзіне қатысы жоқ мәселелерге басын сұқпай өз орнын біліп отса болғаны
 
Дәулет
қолданушы
Пост: 95
Репутация: 0
Қала: Алматы

Re: Гендерлік саясат

12 там 2016, 00:48

Оның бәрі батсытан шыққан керек емес , заманның азғындауына әкелетін жайттардың бірі
Ислам дінінде әйел күйеуіне бағынуы тиіс , оның басына шықпауы керек, әрине жігіт тарапынан да қызға мейірімділік көрсетілуі тиіс , сонда ғана тату тәтті өмір сүреді ,аа осылай екен ғой деп шеттен шығып кетуге болмайды
 
Аватара пользователя
Сабина
қолданушы
Пост: 72
Репутация: 1
Қала: Тараз

Re: Гендерлік саясат

13 там 2016, 16:28

Мейрам писал(а):
Бұл бір үлкен мәселе, бұл тақырыпқа менің жауабым да ойымда біршама, алайда оның бәрін айтып отыруға жазуға шамам жетпейді-ау шамасы, сондықтан да қысқаша қортындылайтын болсам, ер адам бір саты жоғары болғаны қай тұстан алып қарасақ та дұрыс болып саналады, алайда әйел адамда ер адамнан кем түспеуі тиіс, тек кейбір өзіне қатысы жоқ мәселелерге басын сұқпай өз орнын біліп отса болғаны

Бір саты төмен тұрамыз деп қазір талай әйел күйеулерінің қорлағанына шыдап жүр-ау, қаншама әйел бақытсыз. Соңғы жаңалықтардағы Баян Есентаеваның жағдайы да, қазақ әйелдерінің құқықтарының әлсіз екендігін көрсетті емеспе?
 
Аватара пользователя
Сабина
қолданушы
Пост: 72
Репутация: 1
Қала: Тараз

Re: Гендерлік саясат

13 там 2016, 16:30

Дәулет писал(а):
Оның бәрі батсытан шыққан керек емес , заманның азғындауына әкелетін жайттардың бірі
Ислам дінінде әйел күйеуіне бағынуы тиіс , оның басына шықпауы керек, әрине жігіт тарапынан да қызға мейірімділік көрсетілуі тиіс , сонда ғана тату тәтті өмір сүреді ,аа осылай екен ғой деп шеттен шығып кетуге болмайды

Дұрыс, меніңше, әйелдердің тәуелсіз, тең құқыққа ие болғылары келуі - ер адамдардан жеткілікті қамқорлықты, мейірімділікті аз көргендерінен болады-ау, шамасы. Өзін бақытты, сенімді шатыр астында өмір сүріп жатса, тең құқыққа таласып несі бар?
 
Аватара пользователя
guka
қолданушы
Пост: 38
Репутация: 0
Қала: Almaty

Re: Гендерлік саясат

07 қыр 2016, 20:20

Қазіргі заманда бәрі болуы мүмкін. Әр отбасыда мекен жайына байланысты әр түрлі. Менің ойымша ешкім біреуден төмен болмау керек. Бәрімізді алла жаратты бір жерде бірдей ауа жұтамыз

Форумда кім бар

Қазір сайтта: ешкім жоқ и 0 қонақ
GZIP: Off