Baribir.kz - Бәріміз бірміз. Тұнғыш қазақ форумы. Жаңалықтар, әнгімелесу және пікірлер.

 
Аватара пользователя
basutarudo
қолданушы
Пост: 12
Репутация: 2

Қызықты оқиғаларымызды айтайық

11 сәу 2018, 09:08

Бəріңе сәлем! Өмірдегі қызық оқиғаларымызды айтайық. Бірінші болып бастайын. 

Осыдан көп жыл бұрын мен Алматыда тартымды бір қызбен таныстым. Ол кезде оның жасы 19-20 шамасында болатын. Жанна ма, Жансая ма, қалай танстқаны есімде қалмапты. Кафеде отырып, жақынырақ таныспақшы болдық. Асқа тарсырыс бердік те, содан ұзақ əңгімені бастадық. Тартымды, сүйкімді, білімді, жақсы киінген қызбен көп əңгімелестік сол күні. Маған оның анасын сөз арасында жиі еске алып, жəне ағалары жайлы құрметпен айтқаны қатты ұнады. Университетті аудармашы мамандығы бойынша бітіргенін айтты. 

Бірнеше сағаттан кейін, телефонының қуаты бітіп, анам хабарласуы керек, алаңдайтын болды деп уайымдай бастады. Мен ешқандай артқы ойсыз оған анасына хабарласуға өз телефонымды бердім. Телефон жаңа болмаса да, ішінде барлық керек нөмірлерім болған. Ол анасының нөмірін теріп, естілмейді деп сыртқа шығып кетіп, содан оралмады. Хмм... сол кездегідей өзімді ешқашан сезініп көрмеппін)) Жігіттер, сақтаныңдар!))
Изображение

Форумда кім бар

Қазір сайтта: ешкім жоқ и 0 қонақ
GZIP: Off